“Тотальды жанармай құю” басталады!
“Тотальды жанармай құю” басталады!
Арнайы стикері бар Total мотор майын сатып алыңыз да 500 л-ге дейін жанармай ұтып алыңыз!
Науқанның Ұйымдастырушысы. «Total-ды жанармай құю» Науқанының Ұйымдастырушысы (мәтін бойынша әрі қарай – Науқан) «TOTAL Marketing Services Kazakhstan» болып табылады (мәтін бойынша әрі қарай – Ұйымдастырушы).
Науқанға қатысушылар. Науқанға Total мотор майларын сатып алған және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын 18 жастағы және одан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Науқанға 18 жасқа толық толмаған азаматтар қатысқан жағдайда Ұйымдастырушы оларды Науқанға қатыстырмауға құқылы. Науқан ұйымдастырушысының қызметкерлері, онымен үлестес компаниялар және Науқанды өткізуге қатысатын агенттіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бұл Науқанға қатыстырылмайды.
Науқанның мақсаты. Бұл Науқан сатып алушылармен өзара қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ Total өнімдерін сату көлемін тікелей ұлғайтуға байланысты белгілі бір маркетингтік мақсаттарға қолжеткізуге бағытталған іс-шараны реттеу негізінде өткізіледі.
Науқан өткізілетін аумақ. Науқан Алматы қаласы аумағында «Тұлпар», «Жібек Жолы», «Car city», «Тұлпар» (Шымкент қ-сы) базарларында және науқандық өнім ұсынылған өзге де сату орындарында өткізіледі.
Ұту ойынының әдісі және жеңімпаздар. Жүлделер ұту ойыны промо-орталықтардың жұмыс режиміне сәйкес Науқанды өткізудің белгіленген мерзімінде өткізіледі. Жеңімпаздар промоутерге ұтысты скретч-карта ұсынған кезде анықталады.
Жүлде беру шарттары. Науқанның Жүлде қоры Ұйымдастырушы есебінен құралған. Жүлде құнының ақшалай баламасы берілмейді немесе басқа жүлделерге айырбасталмайды. Ұйымдастырушы және оның өкілетті ұйымы жүлделерді қайтармайды және айырбастамайды. Жүлдені алуға байланысты қосымша шығындардың бәрін жеңімпаз өз мойнына алады.
Жүлделерді алу тәртібі. Науқан жеңімпаздары ұтысты ұтыс ойын өткізілген жерде алады.
Жеке мәліметтер. Қатысушы Науқанға қатыса отырып өзінің жеке (дербес) мәліметтерін (оның ішінде ұялы телефон нөмірін) Ұйымдастырушының және оның өкілетті ұйымының осы Науқанды өткізу, сондай-ақ шектелмеген мерзімде нарықты зерттеу үшін өңдеуіне, жинауына, сақтауына және пайдалануына келісім беретіндігін растайды.
Ұйымдастырушы және оның өкілетті ұйымдары жеке мәліметтердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңделетініне кепілдік береді.
Ұйымдастырушы Қатысушылардың фотосуреттерін жарнамалық мақсатта өтемақысыз пайдалана алады. Қатысушылар Науқанға қатысқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық сұхбат беретіндігімен, сондай-ақ қандай да бір сыйақы төлемей-ақ бейне және графиктік жарнамалық материалдар дайындау үшін оған түсетіндігіне келісім береді.